Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл - сикырлы мереке

Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ ешкім де жаңа жылдық ғажайыптарды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар біздің балалар сияқты күтпейді. Сондықтан да жаңа жылдық ертеңгілікті  өткізуге психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа жылдық ертеңгілікке дайындық мереке басталғанға дейін басталды. Мамандар балалармен тақпақтар жаттап, жаңа жыл, жаңа жылдық дәстүрлер тақырыбында әңгіме өткізді, тәрбиеленушілермен өлең, би үйретті.  Ойын залын безендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді-қысқы пейзаж: ақ құмдақтар, тышқанның қарлы күзені, Аяз Атаның мұз орны, залдың ортасында түрлі – түсті шамдармен жарқыраған әсем шырша.

Балалар қойылымға жаңа жылдық мереке алдында көңілді, әдемі болып келді. Олардың үміті ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан мамандар өздерінің шығармашылық шеберліктерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртістер ретінде көрсете білді. Олар түрлі кейіпкерлер болды: тышқан, көңілді Аққала, мейірімді қыс, Ақшақар, кең дарынды Аяз Ата. Қойылым басталғаннан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегілердің ғажайып әлеміне бөледі. Жаңа жылдық ертеңгіліктің сюжеттік желісі Аяз атаны іздеуге салынды. Қар ханшайымы балаларға мерекені бұзғысы келіп, Көңілді Аққаланы ашуланған және бұзақыға айналдырды, бірақ жақсылық зұлымдықты жеңеді. Балалар  мерекелік көңіл-күймен қызықты ойындарға қатысты. Аяз Ата келгеннен кейін  шыршаның айналасында ән  айтылып, би биленіп  нағыз мереке басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға өлеңдер оқыды, кейіпкерлермен суретке түсті, жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Жаңартылған күні: 24.12.2019 10:33
Құрылған күні: 24.12.2019 10:33

Текст