Текст
Щучинск қаласының №6 ППТК мамандары басшы Садвакасова Шолпан Елеукенқызының жетекшілігімен балалар аутизмі мәселесіне назар аударту мақсатында қоғамдық орындарға шықты.
Қарапайым әрі түсінікті буклеттер арқылы олар адамдарға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жақсырақ түсінуге, қабылдауға және қолдауға көмектесті.
Біз бірге кедергісіз қоғамды — құрметке, ашықтыққа және тең мүмкіндіктерге негізделген қоғамды қалыптастырамыз.