Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қ., №6 психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Луначарский көшесі, 197/2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қ., № 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 402007 «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» білім беру саласында 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2023 жылғы есепті кезеңде түзету кабинеті 88 мемлекеттік қызмет көрсетті;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-88 қызмет; көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада -0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ресми Интернет-ресурсқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында http://sc0051.burabay.aqmoedu.kz/ психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті «мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың байланыс телефонына сілтеме орналастырылған, олар арқылы түзету кабинетінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді орындарда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі» баннері, «еGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану жөніндегі роллап орнатылды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
«Instagram», «facebook» әлеуметтік желілерінде және БАҚ-та «Луч» аудандық қоғамдық-саяси газетінде түзету кабинеті 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1 мақала жариялады.
3 педагогикалық кеңес өткізілді, онда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізілді.
ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультациялар, семинар-практикумдар, «дөңгелек үстелдер», ата-аналар жиналыстары түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесінде жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында түзету кабинетінде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мамандар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2023 жылы компьютердің жедел жады 8 ГБ дейін ұлғайтылды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылғы есепті кезеңде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік органына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды әдіскер және ұйым меңгерушісі жүзеге асырады.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді, сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
/public/files/2024/2/29/290224_095247_publichnoe-obsughdenie-otcheta-2023god-kaz-yaz.docx