Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматта жүргізіп жатқанын хабардар етеді

19.02.2021

Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін электрондық формата көрсетеді. ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес бұл қызмет ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға түзету көмегі тегін көрсетіледі.Жеке тұлғаның (бұданәрі-көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі болған жағдайда, порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуын алуға мүмкіндігі бар,сондай-ақ, порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.Көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде www.egov.kz көрсетілетін қызметті алушы "отбасы" бөлімінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады:

1)психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультацияныңқорытындысы.;

    2)мүгедектік туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Көрсетілетінқызметтіалушыныңқұжаттарынкөрсетілетінқызметтіберушініңбасшысықарайды.Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.

Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға ППТК мамандарының топтық бағасы негізінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды түзету және оңалту нәтижелері туралы анықтама беріледі.Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні беріледі және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында екі жұмыс күні ішінде жібереді.

   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

Мекеменің жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
 

Просмотров: 186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст