Текст
04.06.2025 жылы ҚР Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьева Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, № 6 ППТК-де болды. Сапар барысында депутат мамандардың жұмыс жағдайымен, техникалық жарақтандырумен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету және дамыту жұмыстары бойынша көрсетілетін қызметтермен танысты. Кездесу соңында депутат ұжымға алғысын білдіріп, ЕББҚ бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.