Текст
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы білім беру саласының мемлекеттік саясаттың өзегінде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бізге, ұстаздарға, осы Жолдауда басшылыққа алатын басты бағыттардың бірі - цифрлық дағдыларды дамыту мен заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу. Өйткені дәл осы бағыттар балаларымыздың болашағын айқындайды. Біздің ұжымымыз бұл бастамаларды қолдауға дайын. Білім ордасында функционалдық сауаттылықты дамыту жұмысын күшейтіп, оқытуға жасанды интеллект элементтерін енгізуді жалғастырамыз.