Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мүмкіндіктер уақыты» жобасы

28.11.2025

2025 жылдың 28 қарашасында Ақмола облысында «Шеврон» компаниясының және «Дара» қайырымдылық қорының демеушілік қолдауымен Щучинск қаласындағы №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында тәуекел тобына жататын балалар мен ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Ерте қолдау қызметінің салтанатты ашылуы алғаш рет өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті. Залда Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, Бурабай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, Бурабай аудандық білім бөлімінің өкілдері, Щучинск қаласындағы №10 мектеп-интернатының өкілдері, «Ақбота» балабақшасының өкілі, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қатысты.

 №6 ПППК жетекшісі Шолпан Елеукенқызы Сaдвакасова өз сөзінде Ерте қолдау қызметінің ашылуы болашақта тәуекел тобына жататын ең кішкентай балалар мен олардың ата-аналары үшін сенімді көмекші болатынын атап өтті. Бұл оқиға – ерте жастағы балаларға көмек көрсету жүйесін дамытудағы жаңа қадам.

Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Макпал Ғабдолкәрімқызы Калякбарова құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Ерте қолдау қызметін ашуға қолдау көрсеткен және үлес қосқан демеушілерге шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, Щучинск қаласында Ерте қолдау қызметінің ашылуы инклюзивті және қолдаушы қоғам қалыптастыруда мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің бірігуін айқындайтын маңызды оқиға екенін атап өтті.

Іс-шара қатысушыларына ерте араласудың халықаралық тәсілдері және «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының нәтижелері таныстырылды. Бұл туралы «Дара» қорының «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі Айгүл Олжабайқызы Табергенова баяндап берді.

Онлайн байланыс арқылы Санкт-Петербург қаласындағы Ерте араласу институтының жетекшісі Л.В. Самарина «Ерте араласу (қолдау) жүйесіндегі халықаралық тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады.

Одан кейін қонақтар қызметтің практикалық жұмысымен танысу мүмкіндігін алды. Логопед-дефектолог мұғалімі Айгүл Қабдоллақызы Жаилбаева « Ата-аналармен бірлесе отырып, баланы жан-жақты дамыту жұмысын жүзеге асыру» тақырыбында сабақтың  үзіндісін  көрсетті.

Іс-шара барысында  қызыл лента қиылып, жаңа қызметтің толық таныстырылымы болды. Әдіскер Д.К. Досова және логопед-дефектолог мұғалімі А.Ж. Жаилбаева қонақтарды кабинет жабдықтарымен таныстырып, моторлық, сенсорлық және сөйлеу дамуына арналған ойын және түзету құралдарын көрсетті. Мамандар арнайы әдістемелер арқылы ерте психикалық және эмоционалды дамуды қалай ынталандыруға болатынын көрсетті.

Ерте қолдау қызметінің ашылуы бүкіл ұжым мен жергілікті қауымдастық үшін маңызды оқиға болды. Енді балалардың дамуы немесе мінез-құлқы мәселелеріне тап болған отбасылар тәжірибелі мамандардан уақытылы көмек пен қолдау ала алады.

/public/files/2025/11/28/281125_194407_programma-slughby-rp.pdf

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст