Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық ертеңгілік

24.12.2025

Жаңа жыл қарсаңында түзету кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұмытылмас жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Мерекелік бағдарлама әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып мұқият дайындалып, қуанышқа, сиқырға және достыққа толы жылы атмосфера қалыптастырды.

Зал жаңа жылдық тақырыпта безендірілді: ойыншықтар мен гирляндалармен сәнделген жарқыраған шырша, қарлы әшекейлер, сиқырлы шамдар, сондай-ақ мамандар мен балалардың «Аққала шеберханасында» бірлесіп жасаған мерекелік декорациялары ертегідей әсер сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар «Сиқырлы шар» қолөнер байқауына белсене қатысып, өз қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Педагогтер балалармен бірге өлеңдер мен билерді жаттап, тақырыптық әңгімелер өткізді.

Тәрбиеленушілер «Шыршаны безендір», «Қар ізі», «Аяз атаға қар лақтыр» және «Көңілді қар ұлпалары» атты жаңа жылдық ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Мерекенің жарқын сәті – «Жаңа жылдық шырша жанындағы қызықтар» атты ертеңгілік болып,  әндермен және шығармашылық тапсырмалармен толықты.

Мерекеге ерекше сиқыр сыйлаған кейіпкерлер – Аяз ата, Ақшақар, сондай-ақ өтіп бара жатқан және келер жылдың символдары Жылан мен Жылқы болды. Олар балалармен біргеойындарға қатысып, шынайы жылы әрі ертегідей атмосфера қалыптастыруға көмектесті.

Әрбір бала өзін нағыз жаңа жылдық ертегінің кейіпкеріндей сезінді: күлкі, қуаныш, жарқыраған көздер мен зор қошемет бұл күнді ерекше сиқырлы етті. Мереке «ВЖД „Бурабай“» ЖШС ұйымының қайырымдылық көмегімен мүмкіндігі шектеулі 30 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыстаумен аяқталды. Бұл шара балалар мен ересектердің жүрегінде жылы әсер мен қуанышты естеліктер қалдырды.

       

        

Просмотров: 711


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст