Көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесі қарсаңында Щучинск қаласы №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұжымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған "Алдар Көсе достарын қарсы алады" атты ертегі қойылымымен мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды. Іс-шара әндер мен құттықтаулар, қазақ мәдениетінің ұлттық нақыштарымен, "Тақия", "Бәйтерек" "," Қыз қуу"," Бәйге"," Арқан тарту"," Теңге жинау" ойындарымен, "Қара жорға", "Жігіттер " билерімен ерекше аталып өтті. Мереке барысында түзету кабинетінде мейірімділік, көңілді және қуаныш атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты, ұлттық ойындар ойнады. Мерекеге балалардан басқа белсенділік танытқан ата-аналар да шақырылды. Балаларға түзету кабинеті мамандары Естаева А.А., Жаилбаева А.К.,. Курмангожинова Н.Е., Нургазина А.С. "Алдар Көсе және Айсұлу сұлу" атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылым арқылы балаларға қазақ ұлттық "бесік салу" салты көрсетілді. Мерекенің тосын сәті құрметті қонағы Қыдыр атаның батасы мен тілегі болды. Мереке соңында балалар мен ересектердің тілектері, үлкендердің батасы айтылды. Мерекенің салтанатты сәті: "Шашу", "Бауырсақ", "Құрт", "Наурыз көже" ұлттық тағамдар берілді. Балалар шай ішу кезінде алған әсерлерімен қуана бөлісті. Мереке соңында балаларға ата-аналарымен, достарымен және іс-шараға қатысушылармен шағын фотосессия ұсынылды. so-border-alt:none windowtext 0cm; padding:0cm'>«Баурсаки», «Курт», «Наурыз коже», сладости, конфеты и печенье. Дети с радостью делились полученными впечатлениями во время чаепития. В конце праздника детям была предложена небольшая фотосессия с родителями, друзьями и участниками мероприятия.