2023 жылдың 17 наурыз күні Наурыз мейрамын мерекелеу аясында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 25 балаға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мереке кезінде залда жақсылық, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Аталған іс-шараның мақсаты: балаларды «Бәйге», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Теңге жинау», «Қара жорға», «көктем вальсі» билері арқылы қазақ халқының мәдениетімен таныстыру. Балалар қызығушылықпен белсенді қатысып, қазақтың жаңа салт-дәстүрлерімен танысты. Ұлттық киіммен мамандар мен балалар мерекеге дайындалды. Мереке дәстүрлі «Шашу» әдетінен басталды. Қазақ халқының дәстүріне сүйене отырып, іс-шарада домбыраның әндері мен әуендері шырқалды. Көктемгі вальс үнімен әдемі Наурызгүл шығып, гүл сыйлады. Мерекеге балалардан басқа ата-аналар да шақырылды, олар мерекеге белсенді қатысты. Балаларға "Алдар Көсенің ғажайып тоны" ертегісінің сахналануы ұсынылды, онда басты кейіпкерлер Алдар көсе байды алдап кетті.
Қойылым арқылы балаларға «Тұсау кесу» қазақ ұлттық салты көрнекі түрде ұсынылды. Бұл рәсім тірек қимыл аппараты бұзылған бала Мошкова Каринамен өткізілді. Баланың анасы ППТК ұжымына алғысын білдіріп, осы ұлттық рәсімді өткізуді жоспарлап отырғандары туралы айтты. Бұл күні мерекенің құрметті қонағы Қыдыр атадан бата алынды.
Наурыз мерекесі күндері молшылықты бейнелейтін көптеген тағамдар дайындалды. Сондықтан іс-шараға балалар мен ата-аналарға арналған бай дастархан жайылды. Мерекелік дастарханның басты тағамы наурыз көже болды. Дәстүрді сақтай отырып, дастарханға дейінгі және кейінгі мерекеде Қыдыр ата баталары берілді. ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар алғыс сөздерін білдірді.