Текст
2023 жылғы 19 шілдеде Көкшетау қаласында "Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үздік тәжірибе" атты республикалық семинар өтті. Семинарға ҚР Білім министрлігінің, облыстардың (қалалардың, астананың) білім басқармаларының, облыстық әдістемелік орталықтардың өкілдері; инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек ұйымдардың басшылары; арнайы білім беру ұйымдарының басшылары; Ақмола облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Семинардың мақсаты-Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі қызметінің тәжірибесімен бөлісу және алмасу.
Семинар барысында делегация Ақмола облысы білім басқармасының "Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, № 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де болды.