Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.03.2017

Ақмола  облысы білім басқармасының «Бурабай

ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің қызметі бойынша 2016 жылға есебі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын білім беру,денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласында сапалы, уақытылы, қолжетімді іске асыруға мүмкіндік береді. 

Ақмола  облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,  Бурабай ауданының

аумағында  білім беру саласында ерекше қажеттіліктері бар балалардың түзету функциясын жүзеге асырады.

Түзету кабинеті өз құзыретінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы стандарттарын іске асырады,

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ата-аналарға ақпараттық -консультациялық көмек, түзету көмегін береді.

Ақмола  облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ өз қызметін ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес жүзеге асырады.  Ерекше қажеттіліктері бар балаларға мемлекеттік қызмет тегін  көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет 0-ден 6 (7) жас аралығында мектепке дейінгі балаларға көрсетіледі. ППТК-нде көрсетілетін мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. Барлық мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы № 983 қаулысына сәйкес  психологиялық-педагогикалық түзету

кабинетінде  3 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу "

3)«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің нормативтік-құқықтық құжаттарында жоғарыда аталған барлық

мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары бар, мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті Ақмола облысы әкімдігінің А-6/265 11.06.2015 жылғы қаулысымен бекітілген.

Психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына және мерзімдерін бұзуына

байланысты қағаз жүзінде шағымдар келіп түскен жоқ. Бұл жұмыс әрдайым бақылауда ұсталады. Жарты жылда бір рет  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша БАҚ, қызмет берушінің интернет-ресурсы арқылы халықты ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі. Түзету кабинетінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызмет» атты бөлімі бар, онда қызмет алушыға керекті ақпараттар орналастырылған. Сонымен қоса мекемеде ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

2016 жылда Щучинск қаласының №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен мемлекеттік қызмет

көрсету сұрақтары бойынша аудандық қоғамдық саями «Луч», «Бурабай» газеттерінде

2 мақала жарияланды.

Ақпараттық – анықтамалық, құқықтық көмек көрсету мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту барысында түзету кабинетінде тұрақты негізде іс-шаралар (семинар-практикумдар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері) өткізіледі, бұл іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге

бағытталған.

2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 5 кеңес өтті. Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті әрдайым мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылауда ұстап, жүзеге асырады.  Ай сайын

мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі бақылауы туралы есеп тапсырылады.  

2016 жылғы есепті кезеңде  мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 49 тұлғаға және дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу (мүмкіндігі шектеулі) бойынша   39 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ақмола облысы әкімдігінің № А-6/265 жылғы 11.06.2015 ж.қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Регламенті

негізінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде   мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлға бекітілген. 2016 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

 

Бүгінгі таңда түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жан-жақты жақсарту бойынша жұмыс

жүргізілуде, тұтастай алғанда білім беру жүйесін жаңғырту, бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы және қолжетімді бөлігі болып табылады.

 

2017 жылы  психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады.

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст