6 наурыз күні біздің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде бірінші көктемнің шуақты мерекесі 8-наурызға арналған ертеңгілік өтті. Балалар қуана бұл күнді күтті . Олар әжелерін, аналары мен ұстаздарын ғажайып мерекемен құттықтады. Бұл мерекеге дайындық жұмыстары жүргізіліп, мамандар балаларға билер үйретті, әңгімелер жүргізді. Сүйікті аналар мен әжелерге өз қолдарымен құттықтау қағаздарын жасады. Залды безендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Барлық жерде мерекелік көңіл-күй болды. Балалар мерекелік ертеңгілікке әдемі киініп, көңілді келді. Олардың үміті ақталды. Қатысқан мамандар мерекеде өздерін жақсы әртістер екенін көрсетіп, өзінің барлық шығармашылық шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Олар түрлі кейіпкерлердің рөлін ойнады: Карлсон, Леопольд мысығы. Қыздар мен ұлдар өздерінің аналары мен әжелерін құттықтап, ана көмекшілері, көңілді кір жуу, би билеу конкурстарында өз өнерлерін көрсетті . Сондай-ақ, ата-аналар бағдарламаның белсенді қатысушылары болды және өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетті. Аналар балаларына көп ізгі сөздер, нәзіктік және көңіл бөлді. Мереке соңында балалар залдағы барлық әйелдер қауымына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды. Ата-аналар өте риза болды және өз балаларының нәтижелерін мақтан тұтты.