2024 жылдың 19 наурызында түзету кабинетінің ұжымы «Наурыз - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара «Қызды қуып жету», «Бәйге», «Арқан тарту», «Теңге жинау» ойындары, «Қара жорға» билері, әндер мен өлеңдер арқылы балаларды қазақ мәдениетінің ұлттық нақышпен таныстыруды көздеді. Шара басталғанға дейін мамандар залды өз қолдарымен ұлттық нақышта безендірді. Мереке кезінде түзету кабинетінде мейірімділік, көңілді және қуанышты атмосфера болды. Балалар қызығушылықпен қатысып, қазақтың жаңа салт-дәстүрлерімен танысты, ойын ойнады. Мерекеге балалардан басқа ата-аналар да шақырылды, олар мерекені ұйымдастыруға ғана емес, іс-шараның өзіне де белсене қатысты. Балаларға ППТК мамандарының қатысуымен «Алдар Көсенің сиқырлы қасығы» театрландырылған қойылымы ұсынылды. Қойылым арқылы балаларға қазақтың «Қырқынан шығару» ұлттық рәсімі көрсетілді. Рәсімнің соңы ата-аналардың тілектері, үлкендердің баталары болды. Іс-шараның құрметті қонағы Қыдыр ата қатысушыларға бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мереке барысында шашу шашылып, «Бауырсақтар», кәмпиттер мен тоқаштарда болды. Балалар шай ішу кезінде алған әсерлерімен қуанышпен бөлісті. Мереке соңында балаларға ата-аналармен бірге іс-шараға қатысушылармен шағын фотосессия ұсынылды.