Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №6 психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде ұлдар мен қыздардың жақсы көңіл күйлері мен сыңғырлаған күлкілеріне толған атфосмера болды.
Маусым айының алғашқы күні, жазғы демалыс басталатын уақытта, біз Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өттік . Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік бағдарлама түзету кабинетінің мамандарымен дайындалды. Бұл күні балаларды әдемі безендірілген зал күтті, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан балалар ертегі кейіпкерлерімен жақсы көңіл көтерді. Мерекелік іс-шараны ерекше жүргізуші Мальвинамен оның досы Пьеро ашты. Бұл мерекемен түзету кабинетінің меңгерушісі Садвакасова Шолпан Елеукенқызы құттықтады. Кішкентай көрермендер "Осы залда барлығымыз доспыз" атты биінен жақсы эмоция мен көңіл еүй алды. Кейіпкерлермен бірге
балаларжа жақсы бидеді. Сондай-ақ, балаларды құттықтауға көңілді Буратино асықты. Музыка үйлесімі арқылы
балалар Буратиномен бірге мерекелік жаттығу жасап, әнін орындады, "Пятнышки жирафа" атты биін биледі. Буратино балалармен сәл демалу үшін ойын ойнауды шешті. Балалар құмарлықпен әр түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді, теріс жұмбақтардың жауабын тапты. Ал мереке соңында балаларды Буратинодан тосын
сый күтті. Алтын кілттің көмегімен балалар сиқырлы сандықшаны ашып, сыйлықтарды тапты. Ертегі кейіпкерлері бояғыштар сыйлап, асфальтта сурет салуды ұсынды. Балалар шығармашылықтарын көрсетті, барлық суреттер өте қызықты және танымды болды. Мереке балалардың жүрегінде ескірмейтін естеліктер қалдырды.