2017 жылдың 5 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, № 6 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті» КММ –нде балалар мен 18 жастан үлкендерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкерлеріне арналған семинар практикум өтті. Семинар тақырыбы: «Ерекше білім
қажеттіліктері бар балаларға түзету-дамытушылық білім беруді іске асыру үшін қолданылатын ұйымдастыру тәсілдері». Семинарға қатысушыларға түзету-педагогикалық көмек көрсету барысында мазмұнды бағдарлама ұсынылды.
Семинардың бірінші теориялық бөлімінде психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Садвакасова Шолпан Елеукенқызы жұмыс барысымен таныстырып өтті. Қатысушылардың назарына «Біздің күнделікті өміріміз және мерекелеріміз» атты презентация ұсынылды. Әдіскер Досова Динара Қайырғожақызы «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде логопед мұғалімі Естаева Әсел Айтқожақызы мастер – класс көрсетті.
Өзінің әдістемелік инновацияларын, шығармашылық ынталығын, педагогиканың ұсталығын Әсел Айтқожақызы биік шыңнан көрсете білді. Ол өзінің жұмыс тәжірибесін көрсетіп, педагогиканың атқарымдарымен
бөлісті, логопедиялық зондтармен жұмыс істеу техникасын көрсетті, логопедиялық массаждың өзгешеліктерін айтып өтті, майлықтармен, мақтамен және т.б. заттармен демалу гимнастикасының қызықты әдістерімен бөлісті. Барлық әлеуметтік қызметкерлер логопедтің тапсырмаларын белсенді орындады.
Педагог психолог Жаилбаева Айгүл Қабдоллақызы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін ұнтақ жармамен ойындары» атты құм терапиясы бойынша сабақтың үзіндісін
көрсетті. Психолог ұнтақ жармасымен ойын кезінде балалардың кинетикалық сезімталдығының және сөздің
белсенділігінің дамуы туралы әңгімеледі. Барлық қатысушылар ұнтақ жармасымен әртүрлі тәсілдермен таңғажайып, әдемі суреттер бейнелеп, ұнтақтан жауын жасап, балалық қуанышқа бөленді.
Сондай-ақ семинар барысында емдік денешынықтыру нұсқаушысы Кухаренко Татьяна Николаевна кеңес
берді. Ол балалардың дене дамуының ерекшеліктері туралы айтып, практика жүзінде жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетті. Әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік көмек ретінде мамандардың тәжірибесінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған ұсыныстар мен кеңестер брошюралары, буклеттері
таратылды.
Семинардың рефлексиясы сәтті ұйымдастырылды, шығармашылық топта Досова Динара Қайырғожақызы
жобалық әдістемесі бойынша тестілеу өткізді.
Іс-шара соңында ЕДШ нұсқаушысы би сергіту сәтін өткізді.
Барлық қатысушылар іс-шара барысында қызығушылық танытты