Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №6, город Щучинск, Бурабайский район" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының “Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” КММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

05.03.2018

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №6 психологиялық-педагогикалық  түзету кабинеті ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына,  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Түзету кабинетінде нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған

отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары, «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу (мүмкіндігі шектеулі)» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандарттары, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды

тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» қызметінің паспорты, «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу (мүмкіндігі шектеулі)» қызметінің паспорты бар.

     Психологиялық –педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету жоспарына сәйкес

тұтынушыларға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қажетті құжаттарды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалған.  Мемлекеттік қызметтерді алу және беру үшін қажетті құжаттар үлгілерімен ақпараттық стенд бар. ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5б. 2т. сәйкес мекемеде халықтың қауқары аз топтары

үшін шақыру түймесімен жабдықталған пандус орнатылған.

    Нормативті  стандарттарға ғимаратқа  кіргеннен бастап бағыттамалар, көрсеткіштер бар.

   Бұқаралық ақпараттарда «ППТК мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі» атты мақала аудандық қоғамдық-саяси «Луч» газетінің 17.07.2017 жыл күнгі №56 басылымында, сондай-ақ, мемлекеттік тілде «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызмет алу тәртібі» атты мақала «Бурабай» газетінің 15.06.2017 жыл күнгі №835 басылымында жарияланды. 

          Түзету кабинеті меңгерушісінің басшылығымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2017 жылы 2 семинар –кеңес, 4 әдістемелік отырысы  өткізілді.

 

        2017 жылдың қорытындысы бойынша психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің мемлекеттік қызмет

көрсетудің жинақтау жұмысы жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ.          

          Сонымен қатар,  қызметтерді көрсету бойынша азаматтардан шағым түскен жоқ. Қызмет алушылардың ұсынатын құжаттар топтамасы стандарттың 6 тармағына сәйкес. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу туралы қосымша ақпарат стендте рәсімделген.

          Қызмет алушының өтініші мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету және дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту мен әлеуметтік бейімдеу атты мемлекеттік қызмет көрсету журналында тіркеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі  есепке алу

журналдары бар -2 дана. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап ұсынады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету Паспорттың 8 тармағында көрсетілген мерзімдеріне сай көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту жоқ. Шағым кітабы бар.

         

2017 жылдың есептік кезеңдегі деректері нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтер санына сәйкес.  2017 жылы

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 141 қызмет, оның ішінде  65 – «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», 76- «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету».

 

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст