Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тасымалдауға аргалған ГАЗ-27527-8092 автокөлігі өз жұмысын сәтті бастады. Церебралды сал ауруы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, эмоционалды-ерік саласы, коммуникативті қызметі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған көптеген ата-аналар үшін тегін көлік шектеулі кеңістіктен шығудың жақсы тәсілі болды. Ыңғайлы қозғалысқа, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бейімделулер, мүгедектер арбасына жылдам, қауіпсіз түсу және көтерілу үшін машина гидравликалық көтергіш құрылғымен жабдықталған.
Щучинск қаласы, №6 ППТК ұжымы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар атынан көлік сатып алуға қолдау көрсеткені үшін Ақмола облысының білім басқармасына зор алғысымызды білдіреміз және сіздерге жан тыныштығын, мақсаттарға жетуді және барлық мәселелерде сәттілік тілейміз!